«Күзгі вальс» мұғалімдер күні

08.10.2018

Мақсаты: Студенттерді ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Ұстаз деген –жарық күні ғалымның

Ұстаз деген –анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін

Сен де одан адам болып жаралдың.

5 қазан М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде мұғалімдер күні аталып өтті. Оған студенттер, педагогикалық ұжым және педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Таңертең колледж студенттері күні бойына мерекелік көңіл-күй сыйлап, педагогтарды құттықтау сөздерімен қарсы алды.

Мереке аясында "күзгі вальс" атты концерт ұйымдастырылды, онда педагогтар мен ардагерлердің еңбегі аталып өтілді. Олар үшін әндер, мұғалімдер туралы, олардың қиын еңбектері туралы өлеңдер айтылды.

Студенттер мен оқытушылар тобы Д. А. Бабагумарова мен Т. Н. Синягинаның орындауында әндер шырқалды.

Құттықтау сөзімен жақсы эстрадалық жұлдыздары бола алатын, бірақ басқа жолын таңдаған жас мамандар сөз сөйледі. Қазіргі таңда отандық білім мен ғылымның игілігі үшін абыроймен қызмет етуде. Олардың орындауында "Обычная история" әні әсерлі шырқалды.

Колледждің әр студентінде таланттың ұшқыны бары белгілі, оны осы мерекелік күні студенттер концерттік нөмірлерде көрсетті. Гитаристер тобының қойылымы әсерлі болды. Көрермендер вокалдық топтың орындаған әнге, бишілеріне қол шапалақтады.

Колледж және лицей педагогтары Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст